Skip to content

Біз туралы

Маңғыстау облысының білім басқармасының “№1 арнайы балабақшасы” КММ

Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып,олардың өнегелі,тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсерінің маңызы зор.Қоғам дамуындағы,заман ағымындағы болып жатқан соңғы өзгерістер мен білім беру саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға,жеке тұлға ретінде қалыптастыруға сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көру қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау, емдеу,түзеу шараларын жүргізетін мектепке дейінгі арнайы ұйым болып табылады.

№1 балабақша болып ашылған кезде балабақша меңгерушісі Елена Ивановна Тер-Нерсесова болса, 1986 жылы Екатерина Ивановна Бороздина балабақша меңгерушісі болды. 2003 жылы №1 мектеп-балабақшасының директоры Сейтмухамбетова Жаңылхан Жумабаевна болса,2006 жылдан бастап Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасының  басшысы болып Раисова Шамшакул Базарқызы тағайындалды.

Тәжірибесі мол,ұлағатты,жауапкершілікті жоғары ұстанатын  80 қызметкері бар  ұжым балаларды тәрбиелеуде. Балабақшаның сыйымдылығы 127 орынды қамтиды. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен. 9 топтың ішінде үш пен жеті жас аралығындағы бүлдіршіндер бос уақытын тиімді өткізеді, әр топта 13-15 баладан бар. «Ұстаздарымыздың бәрі білікті мамандар, 2012-2013 оқу жылында жоғары санатты-5,бірінші санатты-2,ІІ санатты-12, 2013-2014 оқу жылы жоғары санатты-3,бірінші-4,ІІ санатты-4, 2014-2015 оқу жылында жоғары санатты-4,бірінші санатты-2,ІІ санатты-7 болса, ал 2015-2016 оқу жылында 37 педагогтар, соның ішінде: жоғары санатты- 7, бірінші санатты-6,ІІсанатты-7, жоғары білімді- 24, арнайы орта- 13 мамандармен толықтырылған.  Баланың жасына сай сабақтар, сонымен қатар қосымша сабақ кестесі қазақ тілі,ағылшын тілі, орыс тілі,өзін-өзі тану секілді пәндер оқытылады.  

   №1 арнайы балабақшасының негізгі мақсаты- мектепке дейінгі көру қабілеті бұзылған, нашар көретін балаларды саралап-жіктеу және жеке дара оқыту және тәрбиелеу болып табылады. Топтық және жеке дара түзету сабақтарын дефектолог, логопед, педагог-психологтар жүргізеді.

   Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытып-үйрету прцесін психологиялық-педагогикалық қолдау үшін сенсорлық бөлме,психолог,дефектолог,логопед,мамандарға арналған кабинеттер және дене шынықтыру,музыка залдары,кітапхана жасақталған. Балаларға сапалы біліммен бірге саналы тәрбиеде берілуде.Психолог-көзі нашар көретін балалардың психикасындағы өзгерістері мен кемшіліктерін сенсорлық бөлмеде  түзете-дамыту арқылы  қалпына келтіреді. Дефектолог-логопед- баланың сөйлеу тілін дұрыс дамыту,оның ойлау қабілетін дамытумен бірге жүргізеді.Ойлау мен сөйлеу өте тығыз байланысты болғандықтан  түзету жұмыстарын комплексті түрде жүргізіледі.Көз дәрігері- балалардың  диагнозына қатысты берілген нұсқауларын ортоптист медбикелер емдеу жұмысын жүргізеді. Ән-саз жетекшісі – балалардың шығармашылық өнерін дамытумен бірге өнерге деген қызығушылығын баулиды.Мерекелік ертеңгіліктерге дайындық жұмыстарын ұйымдастырады,өткізеді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі- «Тілге- деген құрмет, елге- деген ізет» орыс тілді топтарда баламен  мемлекеттік  тілді үйретумен айналысады.  Дене тәрбиесі мұғалімі- өскелең балалардың физиологиялық дамуын дұрыс қалыптастыру бағытында жаттығуларды комплексті түрде өтеді.Мекемеде тәлім-тәрбие жұмыстары, бағдарламаға сай қатты талап қою арқылы жүргізіледі.Осындай білім мен тәрбие нәтижесінде қол жеткен табыстарымыз да айтарлықтай.

Тәрбие-баланың сәбилік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып,санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сондықтан,болашақ иелері бүгінгі балабақша тәрбиеленушілер екенін естен шығармай,оларға ең алдымен адами құндылықтарды бойларына сіңіруге еңбектенуіміз қажет.Осы тұрғыдан біздің ұжым бүлдіршіндердің жүрегіне сәуле шуағын сеуіп,келешекке ұмтылдыруға бар күш жігерін аямай жұмсап келетіндігі айқын.